Мектебімізде География, биология, химия пәндерінің апталығы жалғасуда! Бүгінгі күн химия ғылымына арналды. «Қызықты тәжірибе» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушылар химиялық тәжірибелер жасап, түрлі реакциялардың қыр-сырын танып білді.
Тәжірибе арқылы ғылымның құпия сырларына үңілген білім алушылар химия пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Пән мұғалімі: Қамбарова Жұмагүл
