Skip to content

🎓✨ «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 18 маусым күні…

🎓✨ «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 18 маусым күні 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. ✨🎓
Бұл күн – мектеп қабырғасында білім алып, үлкен өмірге қадам басқан 26 түлек үшін ерекше де әсерлі сәт болды. 🌟
Салтанатты шара барысында мектеп директоры түлектерге жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тіледі. Сонымен қатар мектеп бітірушілерге аттестаттарын салтанатты түрде табыстады. 💐📜
Биылғы оқу жылының мақтаныштары – Алтын белгі иегерлері Оралбаева Ақторғын мен Сисенбай Марина, сондай-ақ үздік аттестат иегері Олжабай Ақниет өздерінің табандылығы мен білімге деген құштарлығының нәтижесінде жоғары жетістікке жетті. 🏅🌹
Шара барысында ата-аналар да сөз сөйлеп, балаларына ақ батасын беріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. 🤲❤️
Ал түлектер өз кезегінде білім мен тәрбие берген ұстаздарына, аяулы ата-аналарына және алтын ұя мектебіне шынайы алғыстарын білдірді. 🌷📚
Бүгінгі күн – балалық шақпен қоштасып, болашаққа нық қадам басқан жас түлектердің өміріндегі ұмытылмас белесі. 🕊️✨
🌟 Барша аттестат алған түлектерді шын жүректен құттықтаймыз!
Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, таңдаған мамандықтарыңыздың білікті иесі атаныңыздар! 🎓💙

Ақ жол, жас түлек! Сәт сапар! 🚀🌿

Leave a Reply