Skip to content

🎓✨ **«Болашаққа бастар ақ жол»** ✨🎓 2026 жылдың 16 маусым…

🎓✨ **«Болашаққа бастар ақ жол»** ✨🎓

2026 жылдың 16 маусым күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 9-сынып оқушыларына арналған негізгі мектепті бітіру туралы аттестаттарды табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.
🌟 Бұл күн – оқушылардың білім жолындағы маңызды белестерінің бірі. Салтанатты жиында мектеп директоры жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге аттестаттарын табыстады. Әрбір оқушының жетістігі мен еңбегі ерекше аталып өтті.
💐 Рәсім барысында ата-аналар да сөз алып, балаларына ақ тілектерін арнап, ұстаздарға шынайы алғыстарын білдірді. Жылдар бойы білім мен тәрбие берген ұстаздардың еңбегі ерекше құрметпен аталды.
❤️ Өз кезегінде түлектер де ата-аналарына, ұстаздарына және сыныптастарына ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Бұл әсерлі сәттер көпшіліктің көңілін толқытып, ерекше естеліктерге айналды.

🎉 Қымбатты түлектер!
Бүгін сіздер жаңа өмір жолының табалдырығын аттап тұрсыздар. Алдарыңыздан ашылатын мүмкіндіктер мол болсын, армандарыңыз асқақтап, мақсаттарыңыз орындалсын!

🕊️ Ақ жол, жас түлектер!
🌈 Болашақтарың жарқын,
📚 Білім жолдарың табысты,
🏆 Қадамдарың нық болсын!

Сәт сапар! Жолдарың ашық болсын!
🎓✨ Біз сендермен мақтанамыз! ✨🎓

Leave a Reply