📢 “Үш ғылым – бір әлем” апталығының ашылу салтанаты өтті!
2025–2026 оқу жылының 23 ақпан күні мектебімізде Жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің География, биология, химия пәндері бойынша ұйымдастырылған “Үш ғылым – бір әлем” атты апталығының ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту және білімдерін шыңдау.
🔹 Ашылу барысында апталықтың жоспарымен таныстырылып, алдағы өтетін іс-шаралар туралы мәлімет берілді.
🔹 Оқушылар белсенді қатысып, түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдерін сынады.
🔹 Апталық аясында биология, химия, география пәндері бойынша логикалық сұрақтар, қызықты тәжірибелер және интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылатын болады.
Апталықтың ашылуына жауапты мұғалімдер: Қамбарова Жұмагүл, Қорбақова Адемі, Алланиязова Айшолпан, Аққұлова Нұршат.
