🎯 “Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” жобасы аясында
Оқушылардың үзіліс уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізу мақсатында мектебімізде күнделікті қоңырау уақытында “Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” атты ұлттық ойындар ұйымдастырылып отырады. 🏫
🔺Аталған шараның басты мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету, ұлттық құндылықтарды насихаттау және салт-дәстүрге деген құрметін арттыру. 🇰🇿
🔺Үзіліс барысында оқушылар қазақтың қол күрес ойынын ойнап, белсенділік танытуда. 🎲 Бұл ойындар оқушылардың ептілік, шапшаңдық, ұйымшылдық қасиеттерін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. 💪
Сонымен қатар, ұлттық ойындар арқылы оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығайып, бірлік пен татулыққа тәрбиеленуде. 🤝
✨ Қорытындылай келе, “Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” жобасы – жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық мұраны құрметтеуіне бағытталған маңызды бастама болып табылады.
#ҰлттықҚұндылықтар
#Ұлттық_ойын_ұлт_қазынасы
