Skip to content

Тамақтан улану -бұл белгілі бір микроорганизмдермен жаппай себілген немесе құрамында организмге улы микробтық немесе микробтық емес заттар бар тағамды тұтыну нәтижесіндепайда болатын ауру.

Тамақтан улану -бұл белгілі бір микроорганизмдермен жаппай себілген немесе құрамында организмге улы микробтық немесе микробтық емес заттар бар тағамды тұтыну нәтижесіндепайда болатын ауру. Тақтан уланудың белгілері жедел дамиды. Қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жақсы сезінудің арты келесі ауру белгілеріне ұласады: іш өту, құсу, жүрек айну, әлсіздік, іш ауру. Тамақтан уланудың негізгі себебі – азық -түліктің жарамдылық мерзімін және дацындалған тағамды сақтау шаттарының сақталмауы. Азық – түлікті сатып алған кезде өнімдер орамасының бүтіндігі, сыртқы түрі мен пішінінің дұрыстығына назар аударып, өнім орамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз;
Тағамды тиісті жағдайда және дұрыс температурада сақтаңыз;
Термиялық өңдеуге жатпайтын көкөністерді, жемістерді, көк шөптерді ағынды су астында мұқият жуыңыз;
Үй жағдайында дайындалған консервіленген және рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;
Тазалық, гегиенаны сақтаңыз;
Балаларды тақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолдарын жууға үйретіңіз;
Тамақты пісірер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз, айқас ластануды болдырмау үшін шикі және жеуге дайын тағамдарға әртүрлі пышақтар мен тақтайшаларды пйдаланыңыз;
Азық – түлік сақтау нұсқауларын орындаңыз және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;
Ыдыс жууға арналған шүберекті және ас үй сүлгісін жиі ауыстырыңыз, ас үйдегі тазалықты сақтаңыз.
Қоғамдық тамақтану нысандарынада тағамнан уланудың алдын алу мақсатында дайын тағамдарды алдыңғы күннен қалған қалдықтармен араластыруға, дайын тағамдарды келесі күні беруге болмайды.
Тағам дайындаушы аспазшылардың, асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауы, жіті респпраторлық вирустық инфекция, ангина ауруларының болмауы, тағам дайындау кезінде қолдарында іріңді жараның, аллергиялық дерматит, экземаның болмауы, жедел ішек инфекциясымен, дизентерия ауруымен ауырмауы және олардың қоздырғышын тасмалдаушы болмауы өте маңызды! Тамақ өнімдерін дайындау процесінде айналысатын қызметкерлер ауру немесе ауру белгілері болған жағдайда медицина қызметкердеріне немесе тікелей басшысына дереу хабарлауы қажет және асхана қызметіне қосылуға болмайды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *