Орман шаруашылығына танымдық экскурсия🍃🌳 2025 жылы Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жаңа ынтымақтастықтың бастамасы ретінде Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де кәсіби бағдар беруші Таушабаева Жанеркенің жылдық жоспарына сәйкес “Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі” КММ-не экскурсия ұйымдастырылды.🌳Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларға орманның табиғат пен қоғамға тигізетін пайдасын түсіндіру, экологиялық саналарын қалыптастыру және болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.🌳Шара барысында бас орманшы Бердиев Шалқар мекеменің қызметі, жылдық жоспарлары мен жүргізілетін жұмыстар жайында жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, орман шаруашылығында қолданылатын техникалармен таныстырып, олардың атқаратын қызметін түсіндірді.🌳Бұл экскурсия оқушыларға табиғатты қорғау саласындағы мамандықтар туралы кеңірек мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Экологиялық жауапкершілікті арттырып, болашақ кәсіби таңдауына әсер етер маңызды іс-шара болды.