Skip to content

📗Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде тағылымды мәдени-танымдық…

📗Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде тағылымды мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
📒Іс-шара барысында оқушылар ақынның жүрекке жететін лирикалық өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады. Ақын шығармашылығы арқылы оқушыларға отансүйгіштік, адамгершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдері насихатталды.
📙Шараға белсене қатысқан оқушылар Мұқағали поэзиясының терең мазмұнын сезініп, ақын мұрасының құндылығын түсіне білді.
📍Мақсаты:
– Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру;
– Өлеңге, өнерге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру;
– Оқушылардың көркем сөз оқу, ән айту мәдениетін дамыту;
– Рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Leave a Reply