“МИФ” апталығының бүгін информатика күні “AI зертханасы” деген тақырыпта өтті. Оқушыларға AI бойынша жасалған жұмыстарды информатика пән мұғалімі Абылкасова Улзира көрсетіп өтті. Атап айтатын болсақ: сурет, мультик, видеолар көрсетілді. 5,6,7-сыныптарға AI бойынша дайындалған интерактивті танымдық тапсырма дайындалып, оқушылар қызыға орындады. Апталықтың қорытынды кешіне дейін жасанды интеллекті құралдарын қолданып өз жұмыстарын жасауға тапсырма берді.
