⚜️Мектепте жүзеге асырылып жатқан «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында күнделікті өмірде жасалатын қарапайым, бірақ тәрбиелік мәні зор жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Әкенің баласына көрсететін өнегелі тәрбиесі негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырылды. Әкенің күнделікті іс-әрекеті, еңбегі мен жауапкершілігі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі – баланың тұлға болып қалыптасуында маңызды үлгі екені түсіндірілді.
#өнегелі15минут
