Skip to content

Мектеп тарихы

Мектеп-халықтың рухани бесігі, ал мектеп тарихы гүлдену жолының қалыптасуы, әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы бар. Ақжігіт ауылындағы мектеп 1973 жылы нөмері 76 теміржол бастауыш мектебі болып ашылды. Ол Өзбекстан Республикасы теміржол акционерлік компаниясына қарады. 1973 оқу жылынан бастап бастапқы мектеп үйі корпустағы 2 бөлмелі үй болды. Мектепте- 3 кластағы бала саны 45 бала боллы. Мектептің алғашқы мұғалімдері:
Баймұңалов Арал-мектеп меңгерушісі
Құлшықов Әбдірахман – мұғалім
1974 жылдан бастап бастауыш мектепке арналған мектеп үйінің салынуына байланысты жаңа ғимаратқа көшірілді. 1974-75 оқу жылынан бастап 4 кластық бастауыш мектеп болды. Сол жылдары төмендегідей мұғалімдер болып және бала тәрбиесінде еңбек етті.

  1. Рахметова Айшагүл
  2. ⁠Дәрментаева Күләш
  3. ⁠Мамаева Тілек
  4. ⁠Шавкентаева Алтын
  5. ⁠ Жантілеуова Алма
  6. ⁠Байрабашева Алтын

Өзбекстан теміржол акционерлік компаниясының оқу бөлімінің 1995 жылғы 3 мамырдағы #20 бұйрығы бойынша мектеп Ақжігіт орталау мектебі болып қайта құрылды.
Маңғыстау облыстық әкімінің 2001 жылғы 3 сәуір #77 бұйрығымен Ақжігіт орта мектебі мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Бүгінде мектептегі сфныптар саны 14 сынып. Мектеп 1-11 сыныптар аралығын қамтиды. Сыныптар 2 бағытта: қоғамдық-гуманитарлық, математикалық-жаратылыстану бағыттарында дәріс алады. Мектеп компоненттерде факультативтік сабақтар, таңдау курстары, үйірме жұмыстары, спорт секциялары жүргізіледі.
Мектептің ұзақ жолы- өшпес тарих, жасалған іс-әрекеттер, тұлғалар, әдет-ғұрыптар. Кеме- капитансыз болмайды демекші, мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар алтын әріппен сақталған.
Баймұңалов Арал – 1973-1994ж
Азанов Әлімбай – 1994-2006ж
Қамысбаев Серік- 2006-2011ж
Ережепов Егізбай -2011-2015ж
Қуандықов Нұрлан -2015-2024ж
Демеуов Балуанияз -2024-2025ж
Мақсымбай Күмісбек-2025ж

Мектепті үздік куәлікке бітірген шәкірттер:
Түркменбаева Тыныштық -2009-2010 оқу жылы
Дүйсенбаева Айгүл -2013-2014 оқу жылы
Алпысбаева Манар -2014-2015оқу жылы
Сисенбай Абылай -2017-2018оқу жылы
Құлжабаев Жанболат -2017-2018 оқу жылы
Тағанов Шерхан -2017-2018 оқу шылы
Оралбаева Аружан -2018-2019 оқу жылы
Оңайбаева Меруерт -2018-2019оқу жылы
Қуанышова Раушан -2020-2021 оқу жылы
Сайлаубаева Ақгүл -2020-2021 оқу жылы
Оралбаева Ақторған -2022-2023 оқу жылы
Сисенбаева Марина -2022-2023 оқу жылы
Букенбай Тілеухан -2023-2024 оқу жылы
Сәуірбай Еркеназ -2023-2024 оқу жылы