Skip to content

♻️Мектеп оқушылары арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және…

♻️Мектеп оқушылары арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және өзара сыйластықты арттыру мақсатында “Мен бағалаймын” атты оқушылар челленджі ұйымдастырылды.
❇️Челлендж барысында оқушылар өз өмірінде маңызды деп санайтын құндылықтарды атап өтті. Атап айтқанда, олар ата-ананы, ұстазды, достықты, білімді, уақытты, денсаулықты, бірлікті және еңбекті бағалайтынын айтып, өз ойларын бейнеролик, жазба немесе ауызша пікір арқылы жеткізді.
❇️Бұл челлендж оқушылардың:
🔅өз ойларын еркін жеткізуіне;
🔅алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға;
🔅жақсы қасиеттерді бағалауға үйренуіне;
🔅қоғамға деген жауапкершілігін сезінуіне ықпал етті.

Leave a Reply