Мектебімізде жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің География, биология, химия апталығының екінші күні биология пәніне арналды. Бүгін оқушылар «Биология – тіршілік айнасы» тақырыбында логикалық сұрақтар мен қызықты тапсырмалар орындап, өз білімдерін сынады.
Іс-шара барысында оқушылар:
🔹 Биологиялық ұғымдарды тереңірек түсінді;
🔹 Логикалық ойлау қабілеттерін дамытты;
🔹 Топпен жұмыс жасап, белсенділік танытты;
🔹 Қызықты сұрақтар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.
Биология – табиғат пен тіршіліктің құпиясын ашатын ғажайып ғылым. Осындай танымдық шаралар оқушылардың ғылымға деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.
Пән мұғалімі: Аққұлов Нұршат
