Мектебімізде ұзақ қоңырау уақытында оқушылардың көңіл күйін сергіту, рухани әлемін байыту мақсатында «Күй күмбірі» ұйымдастырылуда. Ұлттық аспаптан төгілген әсем күй мектеп дәліздеріне ерекше әуез сыйлап, оқушылар мен ұстаздардың жан дүниесіне жылылық ұялатады.
🪕Күйдің күмбірлеген үні бір сәтке болса да күнделікті қарбаласты ұмыттырып, бойға жігер, жүрекке шабыт береді. Домбыраның қоңыр үні – ұлттық рухтың, ата-баба аманатының үніндей әсер қалдырып, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыра түседі.
🪕”Күй күмбірі» – тек әуен емес, ол мектеп өміріне сән беретін, тәрбиелік мәні зор рухани үзіліс.
#күйкүмбірі
