Skip to content

Мектебімізде оқушылардың ұзақ қоңырау кезіндегі уақытын тиімді әрі мазмұнды пайдалану…

Мектебімізде оқушылардың ұзақ қоңырау кезіндегі уақытын тиімді әрі мазмұнды пайдалану мақсатында “Көңілді үзіліс” атты сергіту тапсырмалары ұйымдастырылды.
✋🏻⭕️Іс-шара барысында оқушыларға арналған түрлі қимыл-қозғалысқа негізделген сергіту жаттығулары, көңілді ойын элементтері мен белсенді тапсырмалар өткізілді. Бұл жаттығулар оқушылардың дене белсенділігін арттырып, сабақ арасындағы шаршауды азайтуға, зейінін қайта жинақтауға ықпал етті.
⭕️✋🏻“Көңілді үзіліс” сергіту сәті оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Аталған іс-шара мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

#көңілдіүзіліс
#көңілдіқоңырау

Leave a Reply