Skip to content

Мектебімізде География, биология, химия пәндерінің апталығы жалғасуда! Апталық аясында география…

Мектебімізде География, биология, химия пәндерінің апталығы жалғасуда! Апталық аясында география пәнінен «География – жердің тынысы» тақырыбында логикалық сұрақтар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар 🌎 жер шары, табиғат құбылыстары, климат, материктер мен мұхиттар туралы білімдерін шыңдап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Танымдық тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділіктерін көрсетті.
География – тек карта мен елдер туралы ғылым емес, ол – Жердің тынысын сезінуге, табиғатты тануға жол ашатын ғылым екендігін оқушылар тағы бір дәлелдеді.
Пән мұғалімдері:
👩🏫 Қорбақова Адемі
👩🏫 Алланиязова Айшолпан

Leave a Reply