Skip to content

Құрметті әріптестер, қадірлі серіктестер, ардақты ата-аналар! Алғыс айту күні –…

Құрметті әріптестер, қадірлі серіктестер, ардақты ата-аналар!

Алғыс айту күні – ізгілік пен ризашылықтың, сыйластық пен бірліктің мерекесі. Осы атаулы күнде білім беру ісіне жанашырлық танытып, тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасап келе жатқан барша әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін.

Бейнеу аудандық білім бөлімі мен Оқу-әдістемелік орталығы ұжымына кәсіби қолдау мен бағыт-бағдарлары үшін, Бейнеу аудандық прокуратурасы мен полиция бөліміне жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қосқан үлестері үшін ризашылығымды білдіремін.

Сондай-ақ Ж. Қалдағараев атындағы мектеп ұжымына, ата-аналарға ерекше алғыс айтамын.

Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін! Әр шаңыраққа амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Мақсымбай Күмісбек Жаңбырханұлы
“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ директоры

Leave a Reply