Skip to content

⚜️”Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес 7-сынып оқушыларымен «Анаға хат» тақырыбында…

⚜️”Даналық мектебі» клубының жоспарына сәйкес 7-сынып оқушыларымен «Анаға хат» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, ата-ана мейірімінің қадірін ұғындыру және оқушылардың эмоционалдық сезімін дамыту болды.
🔺Аталған шара аясында оқушылардың аналары өз балаларына арнап жүрекжарды хат жазды. Хаттарда аналардың баласына деген махаббаты, үміті, ақылы мен тілектері шынайы жеткізілді. Сабақ барысында оқушылар аналары жазған хаттарды дауыстап оқып, ерекше әсер алды.
🔹Іс-шара барысында оқушылардың бойынан толқу, ризашылық, қуаныш сезімдері байқалды. Көптеген оқушылар ана сөзінің құдіретін терең түсініп, отбасылық құндылықтардың маңызын сезінді. Бұл шара оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеуге оң ықпал етті.
🔹Қорытындылай келе, «Анаға хат» тақырыбындағы іс-шара оқушыларға үлкен рухани әсер сыйлап, тәрбиелік мәні зор, мазмұнды кездесу ретінде өз мақсатына жетті.
#даналықмектебі

Leave a Reply