Skip to content

Бейнеу ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында…

Бейнеу ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында оқушылар арасындағы әлімжеттіктің алдын алуға бағытталған анимациялық бейнеролик дайындады.

Бейнероликтің негізгі мақсаты – әлімжеттіктің алдын алу, оған жол бермеу және оның түп-тамыры көбіне отбасы тәрбиесінен басталатынын түсіндіру.

Әлімжеттік – бір баланың ғана емес, бүкіл отбасының, ортаның және қоғамның айнасы.
Әр баланың жүрегі – аманат. Аманатқа дұрыс қарасақ, әлімжеттікке орын қалмайды.

Жоба ата-аналардың балаларға деген жауапкершілігін күшейтуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасындағы тәрбиенің және қолдаудың маңызын көрсетуге бағытталған.

Бұл бейнеролик Бейнеу ауданы прокуратурасының тапсырысы негізінде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып дайындалды.

#заң_мен_тәртіп#закон_и_порядок#пркуратура Бейнеуского района#искусственныйинтелект

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *