Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған «Өрттің алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
🔰Сабақтың мақсаты – ата-аналардың өрт қауіпсіздігі жөніндегі білімдерін арттыру, тұрмыстық жағдайда өрттің алдын алу жолдарын түсіндіру, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретудегі ата-ананың жауапкершілігін күшейту.
🔰Іс-шара барысында өрттің шығу себептері, оның алдын алу шаралары, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, газ және тұрмыстық пештерді қолдану кезіндегі сақтық талаптары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, өрт болған жағдайда жедел қызмет нөмірлерін білу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
🔰Сабақ соңында ата-аналарға күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық кеңестер ұсынылып, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу жүргізілді. Өткізілген шара ата-аналардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және бала өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталды.


