Ақжігіт жалпы білім беретін мектепте 22.01.2026 жылы 2-сыныпта бастауыш сынып мұғалімі Г. Бердиева тарапынан ашық сабақ өткізілді.
📔Сабақтың тақырыбы:
«Түбір және қосымша»
📖Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету, алған білімдерін тәжірибе барысында қолдану, тілдік сауаттылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
📚Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақтың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылып, белсенді оқыту әдістері тиімді қолданылды.
📚Сонымен қатар сабақта жасанды интеллект мүмкіндіктері (ЖИ) қолданылып, оқушылар әртүрлі интерактивті тапсырмалар орындады. Бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білімді меңгеру деңгейін көтеруге ықпал етті.
📌Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігі мен танымдық қабілеттерінің артқаны байқалды.












