Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінің желтоқсан айының жоспарына сәйкес. Кәсіби бағдар беруші маманы Таушабаева Жанерке Шоханқызы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Сам ормандар жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ қызметкерлерімен сұхбат жүргізді.
🪵Сұхбаттың негізгі мақсаты – оқушыларға жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру, табиғатты қорғау саласындағы кәсіптердің ерекшеліктерімен таныстыру және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
🪵Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі маңызды қадам. Дұрыс таңдалған мамандық адамның өз қабілетін ашуға, қоғамға пайда әкелуге және өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Мамандық таңдауда келесі факторларға назар аудару қажет:
🌳Өз қызығушылығы мен қабілетін ескеру
🌳Денсаулық жағдайына сәйкестігін бағалау
🌳Мамандыққа деген сұраныс пен еңбек нарығын зерттеу
🌳Мамандықтың болашағы мен даму мүмкіндігін қарастыру
