🔹Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде ұйымдастырылған Дублер күні аясында оқушыларға мамандықтармен танысуға мүмкіндік берілді.
🔹Аталған шара барысында 5-сынып оқушысы Бисенбай Мұстафа әкесі — асқар таудай ардақты әке, Сансызбаев Азаматтың жұмыс орнымен танысты. Оқушы әкесінің электрик мамандығы бойынша атқаратын қызметін бақылап, электр энергиясымен байланысты бір күндік жұмыс барысын көрді.
🔹Іс-шараның мақсаты — оқушыларды еңбекке баулу, ата-ана еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру. Дублер күні оқушының мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, еңбек адамын қадірлеу құндылығын қалыптастыруға ықпал етті.
#мамандықтарәлемі
