Skip to content

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде педагог-психолог А. Аскарованың ұйымдастыруымен…

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-сінде педагог-психолог А. Аскарованың ұйымдастыруымен 2024 жылғы 22 қаңтар күні 6-сынып оқушыларына арналған
«Буллингтен қорған» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
📌Тренингтің мақсаты:
– Оқушылар арасында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық орта қалыптастыру;
– Буллингке қатысты негізгі ұғымдармен таныстыру;
– Өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту.
📌Тренингтің барысы:
🔺1. Тренинг ережелерімен таныстыру;
🔺2. Оқушыларды топқа бөлу.

📌Тренинг барысында өткізілген жаттығулар:
🔺1. «Сәлемдесу» жаттығуы;
🔺2. Топтық жұмыс – «Ішкі әлемім»;
🔺3. Қорытындылау;
🔺4. Кері байланыс.
📌Тренинг соңында оқушылар өздері жасаған жұмыстарын қорытындылап, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс барысында буллингтің алдын алу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді. Оқушылар қауіпсіз ортаның негізі – бір-бірін сыйлау, құрметтеу және қолдау көрсету екенін түсінді.

#БуллингкеЖолЖоқ
#Буллингтенқорған

Leave a Reply