Skip to content

📍 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде 2026 жылдың 02–13…

📍 «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде 2026 жылдың 02–13 ақпан аралығында «Өмірге “Иә” деп айт!» тақырыбында психологиялық онкүндік өткізілді. Онкүндікке арналған жоспар 1–11-сынып білім алушыларымен таныстырылды.
🔺Онкүндіктің мақсаты:
білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, күйзелістің алдын алу және суицидтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔺Онкүндік барысында оқушыларға жоспарға сәйкес түрлі тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, оқушыларға сенім жәшігінің қызметі туралы түсіндіріліп, өз ойлары мен сұрақтарын еркін жеткізу мүмкіндігі ұсынылды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы белсенділік танытып, жылы сөздер жазылған қаламсаптармен марапатталды.
🔺Өткізілген психологиялық онкүндік білім алушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың эмоционалдық көңіл күйін көтеруге және өмірге деген жағымды көзқарасын арттыруға ықпал етті.

Leave a Reply