“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ -сінде 2 желтоқсан күні “9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай “Адалдық: ар-намыс пен адамгершілік белгісі” тақырыбында мектепте оқушылар арасында танымдық сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адалдықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ар-намыс пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ олардың ой-өрісін, пікір айту дағдыларын дамыту болды.
Іс-шара соңында оқушылар адалдықтың – әр адамның ең асыл қасиеті екенін, ар-намыс пен жауапкершілікке негізделетінін атап өтті.