Skip to content

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ -сінде 12 ші желтоқсан…

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ -сінде 12 ші желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты тағылымды мерекелік шара өтті. Іс-шараның басты ерекшелігі – оқушыларды «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі болды.

Мерекелік жиында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ел болашағы – жас ұрпақтың отансүйгіштік рухы мен азаматтық жауапкершілігі туралы тағылымды ойлар айтылды. Ұйым қатарына қабылданған оқушылар ант беріп, елге адал қызмет етуге дайын екендерін білдірді.

Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, көркем өнерпаздардың өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл күн жас ұрпақтың жүрегінде елге деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін нығайтқан ерекше сәт ретінде есте қалды.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді, тәрбиелі, отаншыл жастардың қолында!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *