Skip to content

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі «Заң және тәртіп» қағидаты…

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 2026 жылғы қаңтар айының 15 күні Бейнеу АПБ ККб ЮПТ КТіЖ УПИ полиция аға лейтенанты С.Тайтуровтың оқушылардың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тәртіп нормаларын түсіндіру болды.

Кездесу барысында мектеп инспекторы оқушыларға заң талаптары, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, буллинг пен құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, күнделікті мектеп өмірінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттігі атап өтілді.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

Аталған іс-шара мектепте «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында жоспарлы түрде өткізілді.
#ЗАҢменТӘРТІП

Leave a Reply