“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі “Табиғат детективтері" экоквест байқауының аудандық кезеңіне мектебімізден “Жалын” тобы қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
2025 жылғы 14 қазан күні Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында “Табиғат детективтері” атты экоквест байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімін ояту, командалық жұмысқа бейімдеу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Экоквест байқауы 4 кезеңнен тұрды:
1.“Классикалық квест” – қатысушылар берілген тапсырмалар негізінде логикалық ойлау арқылы шешім тауып, квест нүктелерін дұрыс табуға тырысты.
2.“Морфеус квесті” – бұл кезеңде балалар табиғат құбылыстары мен экологиялық мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап берді.
3.“Экшн квесті” – жылдамдық пен ептілікке негізделген, командалық ойын элементтері бар қызықты кезең болды. Қатысушылар түрлі экологиялық тапсырмаларды орындай отырып, белсенділік танытты.
4.“Жанды квест” – бұл бөлімде оқушылар табиғаттағы түрлі жағдайларға байланысты 10 минуттық бейнеролик арқылы белгілі бір нысанда болып, оның экологиялық мән- жайын көрсетті.Байқау өте тартысты, қызықты әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары дайындықпен келгендерін көрсетті. Әр кезеңде оқушылар табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен экологиялық сауаттылықтарын дәлелдеді. Жетекшілері: Алланиязова Айшолпанға, мектеп тәлімгері Жарылғапов Дәурен. Құттықтаймыз!


