“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және ерекше білім беруге қажеттілігі бар (ЕББҚ) білім алушыларды қолдау мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтардың кестесін құру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мұғалімдердің сұранысы бойынша білім алушылардың қажеттіліктерін бағалау мәселесі қарастырылды. Бұл бағытта білім алушылардың оқу дағдылары, танымдық қабілеттері, даму ерекшеліктері мен оқу барысында кездесетін қиындықтары зерделенді.
Аталған жұмыстарды іске асыру барысында мектептің арнайы педагогі Бишеханова Арайлым мұғалімдерге түсіндірме және әдістемелік жұмыстар жүргізді. Арнайы педагог білім алушылардың жеке қажеттіліктерін анықтау, оқу үдерісін бейімдеу және педагогикалық қолдау көрсету жолдары бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, мұғалімдермен бірлескен талқылау ұйымдастырылып, әр білім алушыға көрсетілетін қолдау түрлері нақтыланды.
Талқылау барысында мұғалімдер тарапынан ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта білім алушылармен жүргізілетін түзете-дамыту сабақтарының бағыттары айқындалды.


