“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ- сі. Қараша айы. lV АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ:
«Әділетте берік болсаң, аяғың таймайды”
Мектебімізде дәстүрге айналған игі іс – әр дүйсенбі сайын сынып сағаттары, алғашқы сабақ алдында барлық сыныптарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.🎶
Бұл шара – оқушылардың бойында елжандылық, отансүйгіштік және мақтаныш сезімін қалыптастырудың тамаша үлгісі.
Әнұран әуенімен басталған әр апта оқушыларға жігер мен рух береді, туған елге деген сүйіспеншілікті арттырады. 💙
🇰🇿 Туған жерін құрметтеген ұрпақ – ел болашағының кепілі! 🇰🇿
