“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ- сі
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы. “Күзгі асар жәрмеңкесі” (1-4 сынып оқушылары)
Мақсаты: Жәрмеңке ұйымдастыруда оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу болды. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті. Оқушылардың еңбектерімен жасалған тағам түрлері, жеміс-жидектер мен сан-алуан қол өнер бұйымдары да сатылымнан өз орындарын тапты.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты.
