Skip to content

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Тарихтың шамшырағы – Ермұхан…

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Тарихтың шамшырағы – Ермұхан Бекмаханов туғанына 110 жыл» тақырыбында апталық болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақтың көрнекті тарихшысы Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен ғылыми еңбектерін таныстыру, ұлттық тарихты зерттеудегі ерлігі мен қайсарлығын насихаттау, тарихи шындықты құрметтеуге, отансүйгіштікке және ғылыми адалдыққа тәрбиелеу. 2025 жылы қазақ халқының көрнекті ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ермұхан Бекмахановтың өмірі – шындық үшін күрестің, ғылымға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның еңбектері бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның тарихнамалық негізін құрайды.Ұлы ғалымның ғылыми мұрасын насихаттау – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, елінің өткенін құрметтеуге және ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды міндет.
«Тарихтың шамшырағы – Ермұхан Бекмаханов туғанына 110 жыл» апталығында белсенділік танытқаны үшін 8 «ә» сынып оқушысы Дәлубай Айару, 8 «ә» сынып оқушылары Букенбай Арайлым, Мадрейм Тілектес, 9 сынып оқушылары Урумбасар Нұртілеу, Атжан Гаухар, 11 сынып оқушысы Қуатбай Айқын, эссе жазу номинациясы бойынша жүлделі орын алғаны үшін І дәрежелі дипломмен 8 «а» сынып оқушысы Насихат Інжу, 9 сынып оқушысы Құлжабай Насраддин, ІІ дәрежесі дипломмен 11 сынып оқушысы Олжабай Ақниет, 8 «ә» Урумбасар Інжу, ІІІ дәрежелі дипломмен 8 «ә» сынып оқушысы Бисенбай Айару, 11 сынып оқушысы Жылқыбаева Перизат марапатталды.
Қорыта айтқанда, Ермұхан Бекмаханов – қазақтың ұлттық тарихын ғылыми негізде алғаш зерттеген ғалым, тағдыры күрделі, еңбегі әлі күнге дейін өзектілігін жоймаған ұлы тұлға. Оның өмірі мен еңбегі – бүгінгі және келешек ұрпақ үшін үлкен тарихи маңызы бар өнеге. Ермұхан Бекмаханов – қазақ тарихының мәңгілік шамшырағы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *