🌼«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де мереке күніне орай оқушылардың ұйымдастыруымен «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік кеш болып өтті.
🌼Бұл кештің басты мақсаты – аналарға деген құрметті арттыру, олардың мейірімі мен еңбегін дәріптеу, сондай-ақ ұстаздар мен аналарға мерекелік көңіл күй сыйлау болды.
🌼Кеш барысында оқушылар әсем әндер шырқап, мың бұрала би билеп, күй тартып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінде аналарға деген шексіз құрмет пен махаббат көрініс тапты.
🌼Шара барысында ұстаздар мен аналар да өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұйымдастырушылар мен оқушыларға ризашылықтарын жеткізді. Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары арнайы дайындаған бейнеқұттықтауларын жолдап, аналар мен ұстаздарға ізгі лебіздерін арнады.
🌼Мерекелік кеш барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ананың мейірімі мен қадір-қасиетін ұлықтаған тағылымды шара болды.
