Skip to content

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Жылы…

Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Жылы жүрек – челенджі” өткізілді.
📍Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық және өзара қолдау құндылықтарын қалыптастыру, қоғамға пайдалы іс жасауға баулу, сондай-ақ мектепте жағымды психологиялық ахуал орнату.
📍Челендж барысында оқушылар мектеп ұжымындағы мұғалімдерге және қызметкерлерге жылы лебіздерін білдіріп, алғыс сөздер айтып, игі тілектер жолдады. Сонымен қатар оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, жақсы істер жасау арқылы челенджді жалғастырды.
📍Аталған іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, ұстаз еңбегіне деген құрметін нығайтуға, өзара сыйластық пен адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті. Шараға қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, “Жылы жүрек – челенджі” тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде бағаланды.

#мектеппарламенті
#өзінөзібасқару

Leave a Reply