🌷«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де көктемнің шуақты мерекесіне орай мектебіміздің ұл балалары ерекше құрмет пен ілтипат көрсетті. Таңертеңгі уақытта олар ұстаздарды және мектептің кіші қызметкерлерін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, әдемі раушан гүлдерін табыстады.
🌷Оқушылардың бұл шынайы ықыласы мен сый-құрметі мектеп ұжымының жүрегіне жылулық сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұстаздар мен қызметкерлерге арнаған ізгі тілектері мен алғыстары шараның мәнін одан әрі арттыра түсті.
🌷Осындай игі бастамалар арқылы оқушылар үлкенге құрмет, ізет көрсету сияқты асыл қасиеттерді дәріптеп, сыйластық пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
#аналармерекесі
