Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Досбол Like– достық қолын ұсын» акциясы аясында оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату және бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
🫂Акция барысында оқушылар достықтың маңызын талқылап, бір-біріне жылы сөздер айтып, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынас құру жолдарын үйренді. Сонымен қатар, балалар топтық тапсырмалар орындап, бірігіп әрекет арқылы достықты нығайтатын дағдыларды дамытты.
