Skip to content

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ–де Бейнеу аудандық полиция бөлімінің…

«Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ–де Бейнеу аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Бейнеу АПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Искаков және Бейнеу АПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Н. Базарбаев қатысты.
Кездесу 8, 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналды. Жиында оқушыларға «Заң және тәртіп» қағидаттары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, интернеттегі қауіпсіздік, жасөспірімдерге қатысты құқықтық нормалар туралы маңызды мәліметтер берілді.
Полиция қызметкерлері оқушылардың сауалдарына жауап беріп, құқықтық мәдениетті арттырудың маңызын атап өтті. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *