Skip to content

🔰Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де 27 қаңтарда айлық жоспарға…

🔰Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де 27 қаңтарда айлық жоспарға сәйкес мектебімізде «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент, келешек маман» тақырыбында студенттермен кездесу іс-шарасы өткізілді.
🔰Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындары туралы мәлімет ұсыну, студенттік өмірдің ерекшеліктерімен таныстыру және білім алуға деген жауапкершілікті арттыру.
🔰Шараға әр түрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан мектеп түлектері – студенттер қонақ ретінде шақырылды. Олар өздерінің таңдаған мамандықтары, оқу үдерісі, грантқа түсу жолдары, студенттік өмірдің қызықты сәттері мен кездесетін қиындықтары туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply