Skip to content

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 02 наурыз – Алғыс…

“Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 02 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде “Алғыс – ізгі ниет!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
⚜️Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында оқушылар алғыстың адам өміріндегі маңызы, ризашылық білдірудің тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне, ата-аналарына және ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
⚜️Шараның мақсаты – оқушылардың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет, ризашылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру, сыйластық пен татулықты нығайту болды.
⚜️Сынып сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply