🎭Ақжігіт жалпы білім беретін мектебі” КММ-де бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ертегі терапиясы» шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға 1-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының танымал «Бауырсақ» ертегісін сахналық қойылым ретінде сомдады.
🎭Ертегіде оқушылар өздерінің кейіпкер бейнесін аша отырып, эмоцияларын еркін жеткізуге, ой-қиялын дамытуға және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Сахналау барысында балалардың сөйлеу мәнері, қимыл-қозғалысы, бір-бірімен қарым-қатынасы айқын байқалды.
