«Ақжігіт жалпы білім беретін имектеп» КММ-сі. Қазан айы
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру.
Ата-аналар жиналысы «Цифрлық ортадағы балалардың қауіпсіздігі»
Мақсаты:Ата-аналарды балалардың интернет пен цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәдениетіне үйрету, цифрлық ортадағы қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және ата-ананың рөлін күшейту.
Баланы цифрлық ортада қорғау – бұл тек тыйым салу емес, оны ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу. Ата-ана мен мұғалімнің өзара серіктестігі арқылы бала интернетті білім мен дамудың құралы ретінде пайдаланып, өз қауіпсіздігін сақтауды үйренеді.
Ұсыныстар:
1. Балаларға арналған қауіпсіз іздеу жүйелерін пайдалану (мысалы, Google Kids, YouTube Kids).
2. Баламен бірге интернет ережелерін құрастыру және көзге көрінетін жерге ілу.
3. Ата-аналарға арналған пайдалы сайттар:
• www.saferinternet.kz
• www.bala.defence.kz







