🌸 "Жауқазын" жазғы сауықтыру лагері өз мәресіне жетті! 🌸
2026 жылдың 6 маусым күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ жанынан ұйымдастырылған "Жауқазын" жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. 🎉
Лагерь тәрбиеленушілері күнді сергек көңіл-күймен бастап, таңғы жаттығулар жасап, көңілді флешмоб биледі. 💃🕺 Балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың лебі сезіліп тұрды. 😊
Іс-шара барысында оқушылар лагерьден алған әсерлерін стикерлерге жазып, өз ойларымен бөлісті. 💌 Балалардың жылы лебіздері мен көтеріңкі көңіл-күйлері лагерь жұмысының нәтижелі болғанын көрсетті.
Сонымен қатар, белсенді қатысқан, жетңстікке жеткен оқушыларды марапаттап, мақтау қағаздары табысталды. 🏆📜
Балалар дәмді түскі астарын ішіп, тәтті балмұздақтан ауыз тиіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. 🍦😋
✨ Қымбатты балалар! Жазғы демалыстарыңыз қызықты да көңілді өтсін! Келесі жылы "Жауқазын" лагерінде қайта қауышқанша аман-сау болыңыздар! 🌞🌈
💐 Сау бол, сүйікті лагеріміз! Келесі кездескенше! 💐
#ЖауқазынЛагеріЖаз2026
#АқжігітМектебіБалаларДемалысы
#КөңілдіЖазЖазғыЛагерь
#БақыттыБалалықШақ
#ДостықМекеніЖазғыЕстеліктер
#БалаларӘлеміЛагерь2026
#СауБолЖауқазынКелесіКездескенше
#ЖауқазынЛагері2026
#БіргеӨткенКереметКүндер 🌞🌈💐
