27 ақпан күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінде «Мектептегі тәрбие: қоғам және отбасы серіктестігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болды.
📌Жиналысқа құқық қорғау органдарының өкілдері – Бейнеу полиция инспекторлары С. Тайтуров пен Ж. Салиев, сондай-ақ мектеп медбикесі Б. Абенова қатысты. Кездесу барысында мамандар ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы вандализм, сталкинг және буллинг мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың алдын алу жолдары туралы нақты мәліметтер берді. Сонымен қатар, бала қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау бағытында пайдалы кеңестер айтылды.
📌Жиналыс соңында сынып жетекші
С. Кулова ата-аналармен бірлесе отырып, тәрбиелік мәні зор тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында ата-аналар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік туралы ой бөлісті.
📌Жиналыс мазмұнды, қызықты әрі нәтижелі өтті. Мұндай кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттырып, оқушылардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.
#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы
#ақжігітмектеп
