25 ақпан күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Жас маман – жарқын болашақ» атты жас мамандар байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
🎯Байқаудың мақсаты – жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және заманауи білім беру үрдісіндегі жаңашыл тәжірибелерін насихаттау.
📍Сайысқа мектебіміздің талантты да талапты жас мамандары қатысты:
✨Қалдәулетова Г. – көркем еңбек пәні мұғалімі
✨Аққұлова Н. – биология пәні мұғалімі
✨Аманғалиева Д. – МАД тобы мұғалімі
✨Бишеханова А. – дефектолог
Байқау төрт кезеңнен тұрды:
1. «Өзім туралы бір үзік сыр» – таныстыру кезеңі;
2. «Сіздің бізге беймәлім қырыңыз» – шығармашылық тапсырма;
3. Педагогикалық жағдаят;
4. «Идеялар жәрмеңкесі».
Қатысушылар әр кезеңде өздерінің білімділігі мен біліктілігін, тапқырлығы мен жаңашылдығын көрсете білді. Әсіресе, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы жұмыстарын жоғары деңгейде таныстырды. Сайыс тартысты әрі қызықты өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
🏆 Бас жүлде – Қалдәулетова Г.
🥇 I орын – Аманғалиева Д.
🥈 II орын – Аққұлова Н.
🥉 III орын – Бишеханова А.
⚡️Жас мамандарымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу және биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Жарқын болашақ – білімді де білікті жастардың қолында! ✨
