2026 жылғы 4 ақпан күні Ақжігіт ауылдық мәдениет үйінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстағы қозғалған мәселе Бала тәрбиесі.
Аталған жиналысқа ауыл тұрғындары, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар
Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі басшысы Ш. Джаулыев
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Азанов
Қоғам белсендісі Б. Рамазан қатысты.
Жиналыс барысында бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер қозғалып, қонақтар ата-аналарға мазмұнды әрі пайдалы пікірлерін жеткізді.
Жиын барысында ауыл әкімі сөз сөйлеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Сонымен қатар, ауылдағы мектеп директорлары білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, атап айтқанда, үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысы, тәрбиелік іс-шаралар, оқу сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде нақты мәліметтер ұсынды.
Жиналыс соңында ауыл ақсақалдары сөз алып, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысқан қонақтарға өз алғыстарын білдірді.
Өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, ата-аналарға тәрбиелік бағытта маңызды ақпарат берді.
