⚜️2026 жылғы 30 қаңтар күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-сінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық спортты насихаттауға, оқушылардың күш-жігерін, ептілігі мен шапшаңдығын дамытуға бағытталған, қосымша білім беру педагогының айлық жоспарына сәйкес, “МЕКТЕП БАРЫСЫ – 2026” атты мектепішілік спорттық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
⚜️Аталған жарыс мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жарылғапов Дәурен Ниетуллаұлының ұйымдастыруымен өтіп, жас палуандар өзара бақ сынап, қайсарлықтары мен шынайы спорттық рухтарын көрсетті. Жарыс барысында оқушылар әдіс-тәсілдерін шебер қолданып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
🏆Жарыс нәтижесі бойынша:
🏆60 кг салмақ дәрежесінде:
🥇 I орын – Оңайбай Нұрмұхаммед
🥈 II орын – Тұрсынбай Иманғали
🥉 III орын – Тәженбай Жантас
🏆60 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде:
🥇 I орын – Жарылғап Біржан
🥈 II орын – Жеңісбай Ерназар
🥉 III орын – Сәрсенбай Қасымжан
⚜️Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
🏅“Үздік әдіс” номинациясы – Орынбасар Нұртілеу
🏅“Жас палуан” номинациясы – Балпан Елдос
⚜️Бұл спорттық шара оқушылардың бойында адалдық, табандылық, батылдық пен жеңіске деген жігерді қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен серпін берді.
⚜️Жарысқа қатысқан барлық оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, осы игі шараның жоғары деңгейде өтуіне барынша атсалысқан әріптестерге зор алғысымызды білдіреміз!
#Қазақкүресі
