Skip to content

2026 жылғы 26 ақпан күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп”…

2026 жылғы 26 ақпан күні “Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Б.Тулегенов қатысты.
📌Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарына (академияларына) академиялық оқуға қабылдау тәртібі туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға оқуға түсу талаптары, құжат тапсыру кезеңдері, іріктеу сатылары, медициналық және психологиялық тексерулер, сондай-ақ дене даярлығы нормативтері туралы ақпарат берілді.
📌Кездесу барысында оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, оқу мерзімі, шекті (өту) балл мөлшері және дене жаттығулары бойынша нормативтер жөнінде сұрақтар талқыланды. Қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.
📌Шараның мақсаты – бітіруші сынып оқушыларына құқық қорғау саласында білім алу мүмкіндіктерін түсіндіру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
📌Кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтті.

Leave a Reply