Skip to content

📍2026 жылғы 09 ақпан күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінде…

📍2026 жылғы 09 ақпан күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушыларына арналған “Намыс” ұлдар ұйымының жиналысы өтті.
Жиналысты мектеп психологы А. Асқарова және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Андамасова өткізді.
📍Жиын барысында ер балаларға тәртіп сақтау, мектеп формасын қатаң ұстану, мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау, сондай-ақ өзін мәдениетті, жауапты ұстау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Ұл балалардың бойында намыс, жауапкершілік, сыйластық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
📍Сонымен қатар, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, күнделікті мектеп өміріне қатысты маңызды әрі пайдалы ақпараттар алды. Жиналыс ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды.
📍Аталған шара жасөспірім ұлдардың тәрбиелі, саналы, тәртіпті тұлға болып қалыптасуына, сондай-ақ мектеп ережелерін сақтауға бағытталды.
#ұлдаржиналысы

Leave a Reply