2026 жылдың 12 ақпан күні "Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Қосымша білім беру педагогының айлық жоспарына сәйкес 4–5 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан мектепішілік жарыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық зияткерлік ойынға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара тартысты ойын көрсетті. Қатысушылар өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасты.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың зияткерлік дамуына оң әсерін тигізіп, ұлттық ойындарды насихаттауға үлкен үлес қосады.
Жетекшісі: Нургалиев Женисбай
